Әкім отставкаға кетуге дайын

Әкім отставкаға кетуге дайын

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ОКҚ-да өткен брифингте ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың кінәсі дәлелдеген жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін айтты. 

«Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, кез келген саяси қызметшіге тікелей бағынышты қызметкер сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталып, сотта оның кінәсі дәлелденсе, оның басшысы отставкаға кетуі керек. Бұл заңға мен де бағынамы. Сондықтан тиісті сот шешімі шықса, бәрін заң бойынша жасаймын», - деді әкім.

Облыс әкімі бірінші орынбасарына қатысты БАҚ өкілдерінің сұрағына бұған дейін де жауап беріп, Нұрлан Таубаевтың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін айтқан. 

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 10 қыркүйегінде ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровқа 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

4 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен Құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағанын хабарлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Германия, Мюнхен қаласы Мемлекет басшысының Германиядағы ресми сапарының екінші күні Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі...

В целях исполнения поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева по открытию в стране филиалов ведущих мировых учебных заведений в Туркестанской области ведется масштабная...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде әлемнің жетекші оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан...