Шымкент: Шалғайдағы елді мекендер басты назарда

Шымкент: Шалғайдағы елді мекендер басты назарда

Шымкент қаласы әкімінің шалғай елді мекендердегі инфрақұрылым мәселелерін жүйелеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы әкімі Абзал Әліқұлов, Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшылығы және қалалық «Nur Otan» партиясы басшылығы да «Азат» шағынауданы тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесу барысында Абзал Шымкентбайұлы шағынауданның тұрғындарының өзекті болып отырған инфрақұрылым мәселелеріне, оның ішінде тасымал және ауыз су, табиғи газ, кәріз жүйесі, сапалы электр жарығымен қамту және жол мен қоғамдық көлік мәселесі бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Сондай-ақ, кездесуге келген сала басшылары да «Азат» шағынауданының инфрақұрылым мәселесін жүйелеу мақсатында атқарылып жатқан және алдағы уақытта шешімін оңтайландыру бойынша жоспарланып отырған жобалар мен жұмыстарға кеңінен тоқталып, тұрғындарға түсіндірді.

«Азат» шағынауданына ауыз су жүйелерінің құрылысы бойынша 2020 жылы жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» ЖШС 2020 жылы мамыр айында бастады. Жүйелердің ұзындығы 8,4 км. Қазіргі таңда жұмыстар толық тапсырылды. Бүгінде абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, табиғи газ жүйелерінің құрылысы бойынша 2020 жылы №КСК-0001/20 санымен сараптама қорытындысы алынды. Жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «Ынтымақ құрылыс» ЖШС-гі 2020 жылы мамыр айында бастады. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы қыркүйек-қазан айы аяқталады деп жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын сөз еткенде, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу құқығына ерекше назар аудару қажет. Себебі...

Как устроена работа уголовно-исполнительной системы, чем занимаются её сотрудники и какие возможности для бизнеса есть в исправительных учреждениях? Об этом узнали студенты...