Тоқаев субұрқақтағы балалар мен әйелді құтқарған студентті марапаттады

Тоқаев субұрқақтағы балалар мен әйелді құтқарған студентті марапаттады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда субұрқақта тоққа түсіп қалған балаларды құтқарған студентті марапаттады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жариялады. 

«Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады», - деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетейік, Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Теңіздегі су көлемінің 18,9-дан 23,5 текше шақырымға дейін ұлғаюы Арал маңындағы балық шаруашылығына, жалпы әлеуметтік-экономикалық ахуалға...

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің...

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің...