Үкіметте экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар талқыланды

Үкіметте экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар талқыланды

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте Қазақстан экономикасын ырықтандыруға қатысты Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру барысы қаралды. Отырысқа орталық мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Жарлықта көрсетілген 36 іс-шарасының 24-ін биыл аяқтау жоспарлануда.

Атап айтқанда, Ұлттық экономика министрлігі квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізді, "Самұрық-Қазына" Қорының директорлар кеңестерінің құрамын қалыптастыру тәртібі қайта қаралды, оның Корпоративтік басқару кодексі өзектендірілді, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін нарықтық емес жағдайларда Ұлттық қордан мемлекеттік қаржыландыруды тартуға тыйым салынды. 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуіне, бәсекелестікті дамытуға және бизнесті дамытуға және кеңейтуге ынталандыруға ықпал ететін квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесінің жаңа форматын қабылдады.

Нұрлан Байбазаров кеңес барысында Мемлекет басшысының Жарлығының барлық бағыттарын мүлтіксіз орындаудың маңызын атап ө

«Ырықтандыру жөніндегі шараларды уақтылы және сапалы іске асыру экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін түбегейлі қысқартуға, еркін бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін кедергілерді жоюға мүмкіндік береді», — деді вице-премьер.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрлан Байбазаров жауапты мемлекеттік органдарға ұсынылған шаралардың жан-жақты пысықталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы нәтижесінде 36 мыңға жуық жұмыскердің...

Дүниежүзілік банк, ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰ және IGME-нің бірлескен есебіне сәйкес, 2025 жылы еліміздегі неонаталдық өлім деңгейі (өмірінің алғашқы 28 күні...

Үкімет Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару және ел дамуына бағыттау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру...