Орталық референдум комиссиясы: жаңа Конституция қабылданды

Орталық референдум комиссиясы: жаңа Конституция қабылданды

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 31, 33-баптарына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының ұсынған хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хабарлайды:

референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 482 613;

дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 127 192 немесе 73,12 процент;

референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15 проценті;

референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 898 099;

жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 146 558.

Дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі немесе 73,12 пайызы қатысқандықтан, «Сіз жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ бойынша референдум өтті деп есептелсін.

«Республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептелсiн, өйткенi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екiсiнде  дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оң шешiм қабылдады», – делінген хабарламада.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федеральдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған. Тараптар...

  25 сентября, в рамках Казахстанско-Китайского инвестиционного форума с участием Главы государства Касым-Жомарта Токаева, было подписано соглашение о реализации новых...

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі әл-ауқат...