Сирия: Президенттік сайлауда Башар Асад тағы да жеңіске жетті

Сирия: Президенттік сайлауда Башар Асад тағы да жеңіске жетті

Сирия президенті болып қайта Башар Асад сайланды. 26 мамырда өткен сайлауда ол электораттың 95,1% дауысына ие болған деп хабарлады САНА агенттігі. Асадпен бірге президенттікке тағы екі үміткер таласты.

Бұған дейін Сирияның Жоғары конституциялық соты президенттік сайлауға үш кандидаттың қатысатынын мәлімдеген болатын. Олар: қазіргі президент Башар Асад, «Арабтардың демократиялық социалистік кеңесі» партиясынан Махмұж Марей және «Социал-юнионшылар» партиясынан Абдалла Абдалла. Жалпы, сайлауға қатысуға барлығы 51 адам құжат өткізген. Алайда, түрлі себептермен 48 адам саяси науқаннан шеттетілді. Президенттік сайлауға қатысуға бірнеше талап қойылады, солардың ең негізгісі: үміткердің діні – ислам, азаматтығы – Сирия және жасы 40-тан асқан болуы керек.

Бұған дейін Батыс бақылаушылары Асадтың сөзсіз жеңетінін болжаған еді. Елде 10 жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатса да, осымен екінші рет президенттік сайлау өткізілді. Алғашқысы 2014 жылы болған еді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федеральдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған. Тараптар...

  25 сентября, в рамках Казахстанско-Китайского инвестиционного форума с участием Главы государства Касым-Жомарта Токаева, было подписано соглашение о реализации новых...

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі әл-ауқат...