Миллионер Рақышев боксшыларға қаржылай сыйлық тағайындады

Миллионер Рақышев боксшыларға қаржылай сыйлық тағайындады

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Токио Олимпиадасынан жүлдемен оралған боксшыларға қомақты сыйақы тағайындады. Бұл туралы Федерацияның ресми сайты жазды.

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға мемлекет тарапынан онсыз да қаржылай сыйақы беріледі. Ал, Кеңес Рақышев боксшыларды ынталандыру үшін ақшалай қор қарастыратынын мәлімдеді.

Ендеше, Олимпиада ойындарында бірінші орын алған боксшы мемлекеттен алатын сыйақысынан бөлек тағы 100 мың доллар қаражатқа ие болады. Күміс жүлдегерге – 70 мың доллар, қола жүлдегерге – 50 мың АҚШ доллары беріледі.

Оларды жаттықтырған бапкерлер де сыйақысыз қалмайды. Чемпионды жаттықтырған маман – 25 мың доллар, күміс жүлдегердің бапкері – 15 мың доллар, шәкірті үшінші орын алған бапкер – 10 мың доллар алады.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

23 августа в Казахстане состоятся выборы депутатов Курылтай. В этот важный день политической кампании в ряде городов и районов Туркестанской области общественный...

Енді отын қозғалысын өндіру мен тиеуден бастап, өңірлерге жеткізу және халыққа сатуға дейінгі бүкіл тізбек бойынша бақылауға болады. Бұл ауытқуларды жедел анықтауға,...