Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Ясмина Тоқсанбаева Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстандық жеңіл атлет әйелдер арасындағы марафондық спорттық жүрісте мәреге бірінші келіп, 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесін көрсетті. Мәреге екінші болып қытайлық Даньцзэн Цюйцзун жетті – 3:26:09. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының Айчи–Нагоядағы Азия ойындарындағы тоғызыншы алтын жүлдесі болды.


