Тарихи медаль! Дамир Тоқтаров спорттық құзға өрмелеуден Азия ойындарында Қазақстанға алғашқы жүлдені сыйлады

Тарихи медаль! Дамир Тоқтаров спорттық құзға өрмелеуден Азия ойындарында Қазақстанға алғашқы жүлдені сыйлады

Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында спорттық құзға өрмелеуден жылдамдық бағдарламасының финалы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан командасының спортшысы Дамир Тоқтаров ақтық сында 3-орын алды. Бұл сында Қытай өкілі топ жарса, ирандық Реза Фард Әлипур күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл Қазақстан үшін спорттық құзға өрмелеуден Азиада тарихындағы бірінші медаль саналады.

Осыған дейін Дамир жартылай финалда 4.789 секунд нәтижесімен Олимпиада чемпионы Леонардо Ведрикті (Индонезия) басып озып, 2-орынмен финалға өткен.

Тағы бір отандасымыз Париж Олимпиадасының қатысушысы Әмір Маймұратов жартылай финалда өз тобында 3-сатыдан көрінді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Freedom Holding Corp. компаниясы COP31 конференциясы аясында «Міндеттемелерден инвестицияларға: тұрақты дамуды іске асыру жолдары» атты панельдік...

Түркістан қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуы өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Сауда орындары, қызмет көрсету...

Беларусь Республикасының Несвиж қаласындағы «Несвиж» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына...

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ірі энергетикалық және өндірістік жобалардың...