«Тарихи және әдеби мәтіндердегі Түркістан» кітабы жарыққа шықты

«Тарихи және әдеби мәтіндердегі Түркістан» кітабы жарыққа шықты

Бүгін Ахмет Ясауи университетінде «Тарихи және әдеби мәтіндердегі Түркістан» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Аталмыш кітаптың редакторлары –   профессор, докторлар Женгиз Томар және Бүлент Байрам.
Бұл еңбекте: археологиялық деректер бойынша Түркістанның көне тарихи географиясы, Алаш қайраткерлері және Түркістан, алғашқы Қытай дереккөздеріндегі Түркістан және т.б. өзекті ақпараттар жазылған.
Жиында сөз бастаған университет ректоры Жанар Темірбекова:
«Бүгін университетіміздің кезекті еңбегі, Түркістан жайында көлемді монографияның таныстырылымына жиналдық. Бұл кітап оқу орданың кездейсоқ жазылып, шығарылған еңбегі емес. Университетіміздің құрылған күннен бері Түркістанды таныстыру, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың рухани мұрасын күллі түркіге таныту мен Түркі әлемінің  зиялы қауым өкілдерін бір ортаға тоғыстыру миссиясы негізінде жүзеге асты»,-деді.
Сонымен қатар, ректор Жанар Темірбекова Ахмет Ясауи университетінде жылдар бойы елеулі еңбек етіп, қызметтері аяқталса да Түркістан жайлы тың туындының жарық көруіне үлес қосқан кітап редакторларына алғыс білдірді.
Келесі кезекте, ректор өкілі м.а Наджи Генч:
«Құрметті оқытушылар мен қонақтар, сүйікті студенттер! Түркістан қаласы мен Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың даңқты аты секілді университетіміздің де түркі әлемі үшін үлкен маңызға ие болғанын көріп отырмыз! Тағы бір қуанышты жайт,  Түркістанды таныстырып, оны тарихи және әдеби тілде ұғындырған жазушыларымыз – оқу ордамызда маңызды қызмет атқарған тұлғалар. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш!»,-деді.
Жиын барысында Түркия Республикасының Түркістандағы Бас консулы Илкер Пак та құттықтау тілегін арнады. Тарихи маңызы зор кітаптың құндылығы жөнінде ой қозғады.
Ал, кітап редакторлары, профессорлар Бүлент Байрам мен Женгиз Томар еңбектің жазылу барысын, ондағы құнды материалдар туралы естеліктерімен бөлісті. Түркістанның тек қана қала, облыс деңгейінде емес, Орта Азиядағы орны жөнінде тың ойларын жеткізді. Киелі топырақ, түркінің ортақ астанасына айналған – Түркістан жайлы кітап жазу, еңбек ету азаматтық борыштары екенін мақтана айтты.
«Құрметті әріптестер, студенттер сіздерді қайта көргеніме қуаныштымын! Бүгін мен үшін аса маңызды күн. Жаңа кітаптың тұсаукесерін өткізу мақсатында киелі Түркістанға табан тірегеніме бақыттымын!  Түркістан – тарихи мұрамыз ретінде ең маңызды жер. Түркістан қаласы – түркі халықтары үшін рухани орда. Ал, Түркістанның жүрегінде –Ясауи университеті бар. Қай кезде болмасын, оқу орда үшін қызмет етуге дайынбыз!»,-деді профессор Женгиз Томар.
Іс-шара соңында ректор Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Наджи Генч және басқа да қонақтар кітаптың қызыл лентасын қиды. Аталмыш еңбектің оқырманы көп болуын тіледі.
"Тарихи және әдеби мәтіндердегі Түркістан" кітабының ресми тұсаукесерінен кейін қатысушылар Түркістанның бірегей тарихи-мәдени маңыздылығын ашатын негізгі аспектілермен таныса алды. Қатысушылар археологиялық деректер, Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектері және басқа да маңызды дереккөздер арқылы басылымда ұсынылған өңірдің әртүрлі тарихи дәуірлері мен мәдени дәстүрлерін қамтитын материалдың байлығын атап өтті.
Кітап Түркістанның түркі халықтарын байланыстыратын мәдени және рухани орталық ретіндегі рөліне баса назар аударады. Зерттеуде Түркістанның Орталық Азияның басқа өңірлермен мәдени алмасулары мен тарихи өзара іс-қимылына әсерін көрсететін Қытайдан алынған дереккөздерді талдау ерекше орын алады. Мұндай әртүрлі көздер мен тәсілдер Түркістанның мәдени мұрасы және оның болашақ зерттеулер үшін маңызы туралы білімді тереңдетуге ықпал ететін іргелі еңбек құруға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында кітапты одан әрі тарату жоспарлары жарияланды. Ахмет Ясауи университеті Түркістан туралы білімді тереңдету және осы маңызды ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту үшін Орталық Азия мен Түркиядағы мәдени және академиялық институттармен ынтымақтасуға ниетті. Өңірдің тарихи және мәдени маңызын тереңірек түсіну үшін академиялық күш-жігерді біріктіруге ықпал ететін білім беру бағдарламаларының, семинарлардың және оқу орындарымен алмасулардың сериясын ұйымдастыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, университет кітап мазмұнын оқу бағдарламаларына біріктіруді жоспарлап отыр, бұл студенттерге Түркістанмен байланысты негізгі тарихи процестерді жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...