Елорданың әлеуметтік дамуы: Ермек Көшербаев Астанадағы мекемелердің жұмысымен танысты

Елорданың әлеуметтік дамуы: Ермек Көшербаев Астанадағы мекемелердің жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев елордадағы бірқатар маңызды әлеуметтік нысанды аралап, оның барысында әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және инклюзия салаларында қызмет көрсететін мекемелер жұмысымен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Алғашқы нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан және жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі қолданыстағы шараларды толықтыратын бастама «JOLTAP» оқу және жұмыспен қамту орталығы болды. Орталық азаматтарға жаңа мамандықтарды тегін меңгеруге, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алуға, жеке кәсібін бастауға немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

2023 жылдан бері JOLTAP аясында 11 жұмысшы (тігінші, модельер-конструктор, сатушы-кассир, электргазбен дәнекерлеуші, бариста және т.б.) мамандығы мен цифрлы дағдылардың 7 бағыты (графикалық дизайн, бейнемонтаж, SMM, сайт әзірлеу және т.б.) бойынша 13 мыңға жуық адам білім алды.

2025 жылы тағы 5,3 мың адамды жұмысшы мамандықтары бойынша, 2,7 мың адамды цифрлық бағыттар бойынша оқыту жоспарланған. Сонымен қатар жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді біріктіретін JUMYSTAP сервистік платформасы жұмыс істейді. Жобаға елорданың ірі және желілік жұмыс берушілері белсенді тартылған.

Сапар барысында келесі нысан — «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы болды. Мұнда Ермек Қошербаев ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына баса назар аударды.

Қазіргі таңда орталықта 130 бала оңалту курстарынан өтіп жатыр, тағы шамамен 950 бала кезекте тұр. Сабақтар алты бағытта: сөйлеу, әлеуметтік, өмірлік және оқу дағдыларын дамыту, сондай-ақ 0-3 жас аралығындағы балаларға арналған ерте қолдау бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Астана қаласындағы «Асыл Мирас» орталығы 2023 жылғы сәуір айында қала әкімдігінің қолдауымен ашылған. Мекеме 13 мамандандырылған кабинетпен және ата-аналарға арналған жайлы күту аймақтарымен жабдықталған. Орталықта АҚШ, Ұлыбритания және Калифорния университетінің халықаралық сертификаттарына ие, АВА, JASPER, МСРР, сондай-ақ РАС диагностикасындағы әлемдік стандарт саналатын ADOS-2 әдісі бойынша біліктіліктен өткен 20 педагог жұмыс істейді.

Орталық 2015 жылдан бері іске асырылып келе жатқан республикалық «Аутизм. Баршаға ортақ әлем» бағдарламасының бір бөлігі. Бүгінде бағдарлама 12 қаладағы 13 орталықты қамтиды. 10 жыл ішінде бағдарламаға 25 мыңнан астам бала тіркеліп, 16 мыңнан астамы жеке интервенциялық бағдарламадан өтті, олардың дағдылары екі есе жақсарғаны тіркелді.

Сондай-ақ Ермек Көшербаев 2022 жылдың басында ашылған КММ «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Орталықта үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер мен күндізгі бөлімшеде оңалту қызметтері көрсетіледі.

Елордада инклюзивті инфрақұрылымды жүйелі дамыту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде Астанада 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 2 оңалту орталығы, 2 аутизмі бар балаларды қолдау орталығы және өзге де бейінді мекемелер жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарының 95%-ында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жағдай жасалған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Әлімбет ауылында "Ауыл құтқарушылары" республикалық бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты...

Бүгінде Қазақстанда химия өнеркәсібіндамытуға, сұранысқа ие өнімдерді жасауғабағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі екпін химиялық өнімдердің ауқымды жәнестратегиялық маңызды түрлеріне аударылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ...