Қарағандыда ағзаны трансплантаттаудан кейінгі адамдардың арасында спорттық жарыстар өтеді

Қарағандыда ағзаны трансплантаттаудан кейінгі адамдардың арасында спорттық жарыстар өтеді

9-13 маусым аралығында Қарағанды қаласында ағзаны трансплантаттауды бастан өткерген адамдар мен диализдегі пациенттердің арасында республикалық спорттық жарыстар өтеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Жарыс келесі спорттар бойынша өтеді:
- жүзу (50 м фристайл)
- боулинг
- волейбол
- үстел теннисі
- дартс

Қатысушылардың жас санаттары: 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60+.

Іс-шара ағзаларды трансплантаттауды бастан өткерген адамдар мен диализдегі адамдардың арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау; 2025-2026 жылдары халықаралық жарыстарға дайындалу және қатысу үшін ағзаларды трансплантаттаудан кейінгі адамдардың физикалық мүмкіндіктерін көрсету, трансплантаттаудан кейінгі адамдар мен диализдегі пациенттердің арасында спорт түрлері бойынша құрама командаларды қалыптастыру және жасақтау, халықтың назарын қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты және ағзаларды трансплантаттауды дамыту проблемаларына аудару мақсатында өткізіледі.

11 маусым күні сағат 10.00-де жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтеді. «Донорлық пен трансплантаттауды дамыту. Мемлекет. ҮЕҰ.» тақырыбында мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ қатысуымен конференция өткізу жоспарлануда.

Іс-шараны ұйымдастырушылар - ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің спортты дамыту дирекциясы, Қарағанды облысының әкімдігі, «Өмір тынысы» трансплантаттау жүргізілген науқастардың ҚБ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Әлімбет ауылында "Ауыл құтқарушылары" республикалық бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты...

Бүгінде Қазақстанда химия өнеркәсібіндамытуға, сұранысқа ие өнімдерді жасауғабағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі екпін химиялық өнімдердің ауқымды жәнестратегиялық маңызды түрлеріне аударылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ...