Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 2,4 трлн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға өсті. Сонымен бірге, өңделген ірімшік пен сүзбе – 9,9%, ашытылған сүт өнімдері – 4,4%, сары май – 2,1%, өңделген сүт 0,2%-ға өскені байқалады. Өсімдік тектес өнімдер бойынша қант өндірісі – 57%, өсімдік майының өндірісі 8%-ға артты. Бұл жайлы ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстандық авторлар мен композиторлар өз туындылары үшін өтемақы алу проблемаларын жиі айтады. Мүліктік құқықтарды басқарушы ұйым өз жұмысын...