Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мен Венгрия Елшісі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мен Венгрия Елшісі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

9 қараша күні ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Қазақстандағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесуі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде ағымдағы ынтымақтастық мәселелері қаралды, атап айтқанда, бұл медицина және фармацевтика өнеркәсібін дамытуға, мамандарды оқыту мен даярлауға, тәжірибе алмасуға және өзара іс-қимылдың басқа да аспектілеріне қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша заманауи технологиялар мен шешімдерді енгізу, медициналық кадрларды даярлау сияқты бағыттарда ынтымақтастықты жандандыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Венгрия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық келісімге қол қою мүмкіндігін талқылады.

Сонымен қатар, тараптар МСАК елдерінің коалициясын ілгерілету мәселелерінде ортақ түсінік тауып, Венгрияның денсаулық сақтау өкілдерінің осы халықаралық платформа құрамына кіруін қолдады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ