Қазақстан Орталық Азия елдерімен жасалған келісімдер нәтижесінде 11 млрд текше метр су алады

Қазақстан Орталық Азия елдерімен жасалған келісімдер нәтижесінде 11 млрд текше метр су алады
Қазақстан 2025 жылдың сәуір айына дейін Сырдария өзені арқылы шамамен 11 млрд текше метр су алады. Орталық Азия елдерінің өкілдерімен келіссөздер жүргізген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов осы жөнінде келісімге қол жеткізді. Министр Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 87-ші отырысына еліміздің атынан қатысты. Отырыс Түркіменстанның Ашхабад қаласында өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...