Жаңа мектепте «Орман», «Борки», «Солнечный», «Юбилейный» және жаңа «Бірлік» шағын ауданының балалары үшін ыңғайлы әрі жайлы білім мекені жасалған.
Жайлы мектепте физика, химия, информатика, биологияға арналған арнайы кабинеттер, STEM зертхана, робототехника мен интерактивті тақталар қойылған. Оған қоса, 2 спортзал, заманауи шеберханалар, акт залы, көпсалалы спорт алаңы мен би залы бар. Ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға да қолайлы жағдай жасалған, инклюзия және логопед кабинеті жұмыс істейді. Заманауи технологиялар мен озық үлгідегі жабдықталу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сапалы білім алуына негіз болады.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – өңірдің білім жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Солтүстік Қазақстан облысында заманауи мектептердің саны көбейе түседі. «Береке» шағын ауданында 600 орындық тағы бір жайлы мектеп салынып жатыр.