«Баланың бақытты мекені – отбасы» атты дөңгелек үстел өтті

«Баланың бақытты мекені – отбасы» атты дөңгелек үстел өтті

«Баланың бақытты мекені – Отбасы» тақырыбында Ұлттық бала асырап алу агенттігі ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу туралы ақпарат беріп, пікір алмасу. Қазіргі таңда заң жобасы Мәжілістің жұмыс тобында қарастырылуда.

Жиынға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру саласындағы алдағы жаңалықтарды талқылауға білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік жұмыспен қамту басқармаларының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері қатысты.

Сегіз жылдың ішінде Ұлттық бала асырап алу агенттігінің көмегімен 1966 бала қазақстандық отбасыларға орналастырылды. Олардың 253-і Реабилитация жобасындағы диагнозы бар балалар және ол отбасыларға атаулы материалдық көмек, балалардың денсаулығын қалпына келтіру және оңалту түрінде қолдау көрсетілуде.

Алайда 4200-ге жуық бала әлі де ата-анасын интернаттық мекемелерде күтуде. Олардың басым бөлігі жасөспірімдер, ағайындылар және диагнозы бар балалар.

Дөңгелек үстелге қатысушылар белсенділік танытып, кәсіби қабылдаушы отбасылар институтын әр қырынан қарастырды. Отбасыларға төленетін ақы, ата-ананың жұмысы мен пайда болуы мүмкін мәселелер талқыланды. Кәсіби қабылдаушы отбасыларды сүйемелдеу, баланың құқығы қызу талқыланды. Қойылған сауалға «Ұлттық бала асырап алу агенттігі» жобасының басшысы, Рахметова Фарида: «Әлеуметтік қызметкерлер мен қорғаншылық органдары қызметкерлерінің санын ұлғайту - балалардың құқықтарының сақталуын бақылауды жақсартуға, өтініштерге жедел ден қоюға, асырап алушы отбасыларға қажетті көмек пен қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», - деп жауап берді.

Іс-шараның нәтижесінде мемлекеттік органдарға Кәсіби қабылдаушы отбасы институтының маңыздылығы мен мәні егжей-тегжейлі баяндалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...