Шымкентте Есіл және Камал көшелерінің арасындағы 0,5 га жерді қамтитын аумақта саябақ пайдалануға берілді. Қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес көне саябақтың жаңартылуы тұрғындарды ерекше қуанышқа бөледі, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлт саулығын жақсарту мақсатында саябаққа 200 ш.м құрайтын заманауи баскетбол алаңшасы, балалар ойын және спорт (тренажер, воркаут) алаңшалары, 3 әткеншек, 2 теннис үстелі, 1 шахмат үстелі орнатылды. Жаңа серуендеу аймағында 4000 ш.м аумақ көгалдандырылып, шынар, гуджу, каштан ағаш көшеттері мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды.
Сондай-ақ, саябаққа ауызсу бұрқағы, тегін автотұрақ, 8 орындық, 8 қоқыс жәшігі, 6 пергола, 40 жарықшам бағанасы, 8 декоративті тас орнатылды.
Аталған аумақта 10 астам көбқабатты үилер мен 500 астам жеке тұрғын үилер бар 2000 астам тұрғын бар