Мемлекет басшысы Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесті

Мемлекет басшысы Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесті

Әзербайжан, Баку қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы (СOP29) аясында Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Грекияны Қазақстанның Жерорта теңізі аймағы және Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтіп, Афины еліміздің Еуропа Одағына мүше мемлекеттер арасындағы бес ірі сауда әріптесінің бірі екеніне назар аударды.

Өз кезегінде Кириакос Мицотакис қазақ-грек ынтымақтастығының әлеуетін жоғары бағалап, барлық бағыттағы өзара байланыстарды тереңдетуге дайындығын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кириакос Мицотакис сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайтуға бейіл екенін растап, өзара сауда-саттықты әртараптандырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесуде белсенді саяси диалог жүргізу жөнінде уағдаластық жасалды. Грекия Үкіметінің басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға сапармен келу туралы ұсынысын ризашылықпен қабыл алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа май экстракциялық зауытының құрылысы аяқталды. Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделеді, деп...

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау,...

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...