«Алтын Дән» кәсіпорны жылына 150-280 мың тонна бидайды өңдейді

«Алтын Дән» кәсіпорны жылына 150-280 мың тонна бидайды өңдейді

Шымкент қаласындағы «Алтын-Дән» ЖШС – бидай ұнын, макарон өнімдерін және сүт өнімдерін шығаратын, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін компания. Кәсіпорынның диірмен кешені жалпы өнімділігі тәулігіне 500-700 тонна болатын 2 диірменнен тұрады.

Кәсіпорын жылына 150-280 мың тонна бидайды өңдейді. Диірмендерде бидайдың әр түрлі типтерімен және тез жұмыс істеуге мүмкіндік беретін астықты тазарту және ұнтақтау желілері бар. Макарон цехы қуаттылығы тәулігіне 48 тонна қысқа форматты макарон өнімдерін шығаруға арналған Bühler автоматты желісімен жабдықталған деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өнімнің негізгі тұтынушылары – Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі және Өзбекстанның шекаралас аймақтарындағы, соның ішінде компанияның өкілдіктері бар Ташкенттегі шағын және орта бизнес өкілдері.

Кәсіпорында нарықтық экономика жағдайында өндірістік және коммерциялық қызметте тәжірибесі бар, жоғары білімді тәжірибелі мамандар мен менеджерлер жұмыс істейді. Жалпы 550 адам жұмыспен қамтылған.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында компания айналым қаражатын толықтыруға мүмкіндік алды. Бүгінде кәсіпорын жан-жақты дамып, өндірісті кеңейтуде.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...