Шымкентте ұлттық халық санағына дайындық жұмыстары жүруде

Шымкентте ұлттық халық санағына дайындық жұмыстары жүруде

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қаланың Статистика департаменті мамандарымен бірлесе Спорт шағын ауданының №2,3,4 үйлерін аралап шықты. Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға Ұлттық халық санағының қаншалықты маңызды екенін айтып, белсенділік танытуға шақырды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған жұмыстарға дайындық маусым айында басталып, Сауле, Көркем (Забадам), Көркем (195,275,257) шағын аудандарында үй басқарушыларымен бірлесе жиналыс өткізілген болатын.

Санақ жұмыстарын жүйелеу мақсатында Әл-Фараби ауданында 5 штаб құрылған. Олар ауданға қарасты №15, №19, №35, №77, №129 мектептерде орналасқан. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданының әкімі аппараты ғимаратында Статистика департаменті қызметкерлері жұмыс атқаруда. Бүгінде аудан аумағында жалпы 5 нұсқаушы-бақылаушы және 33 интервьюер дайындық жұмыстарын жүргізіп келеді.

Әл-Фараби ауданының барша тұрғындарын осы жылдың 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтетін Ұлттық халық санағына белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...