Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Мемлекет басшысы көршілес екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Әлімбет ауылында "Ауыл құтқарушылары" республикалық бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты...

Бүгінде Қазақстанда химия өнеркәсібіндамытуға, сұранысқа ие өнімдерді жасауғабағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі екпін химиялық өнімдердің ауқымды жәнестратегиялық маңызды түрлеріне аударылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ...