Рахмет саған дәрігер!

Рахмет саған дәрігер!

Шымкент қалалық Қуыршақ және жасөспірімдер театры 2018 жылы қала әкімінің бұйрығымен қайта құрылып, тек қана қуыршақ бағыты ғана емес, жасөспірімдерге арналған қойылымдарды да сахналау барысында жұмыс істеп келеді.

Маусым айында А.Алтынбековтың «Рахмет саған дәрігер!» қойылымының премерасы өтті. Бұл қойылым әлемде енді қалыптасып келе жатқан театр жанрларының жаңа бағыты «Театр - форм» болып табылады. Аталған бағыттың ерекшелігі қойылым кейіпкерлері залдағы көрермендермен кері байланыс жасау арқылы сюжеттің негізін қалайды.

Ал «Рахмет саған дәрігер!» қойылымның негізгі оқиғасы еліміздегі короновирус пандемиясымен күрескен және науқастармен тікелей байланыс жасаған ақ халатты абзал жандарға арналды. Театр ұжымы қойылымды сахналау арқылы азаматтардың денсаулығы үшін күрескен бейбіт күннің батырлары - дәрігерлерге алғыс білдірді.

Айта кету керек, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры өзінің 38-ші маусымын үлкен табыстар мен аяқтады. Ал алдағы жаңа маусымда түрлі әлемдік және отандық авторлардың шығармаларын сахналап репертуарларын дамытпақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...