Балалардың цифрлық қауіпсіздігі қолға алынды

Балалардың цифрлық қауіпсіздігі қолға алынды

Қазақстан Республикасы балалардың құқықтарын қорғауда халықаралық стандарттарды ұстанады. 2023 жылғы желтоқсанда Хабарлар рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттама ратификацияланды. Ағымдағы жылдың қаңтарында БҰҰ-ға мүше мемлекеттер елдегі адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын нығайту, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қазақстандық реформаларға жоғары баға берді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша балалар суициді 14%-ға төмендеді. 2023 жылғы Балалардың әл-ауқат индексін талдау оң динамиканы көрсетті. Бұл балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижелілігін көрсетеді. ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында осылай деді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылға қатысты бірқатар заңнамалық...