Жаттықтырушылардың еңбекақысын 30%-ға көтеру жоспарланған

Жаттықтырушылардың еңбекақысын 30%-ға көтеру жоспарланған

Еліміздің спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп жатыр. Бүгінде ҚР Туризм және спорт министрлігі салалық заңға өзгерістер мен толықтырулардың екінші пакетін әзірлеуде. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдегендей, олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру ұғымдары мен өкілеттіктерін айқындау, уәкілетті органға әдістемені, жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларын, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің мемлекеттік тапсырысын орналастыру қағидаларын және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін аккредиттеу қағидаларын бекіту бойынша құзыреттер беру сынды тетіктер бар, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстандық авторлар мен композиторлар өз туындылары үшін өтемақы алу проблемаларын жиі айтады. Мүліктік құқықтарды басқарушы ұйым өз жұмысын...