Түркістан облысында ашық жағажайлар саны артады

Түркістан облысында ашық жағажайлар саны артады

Түркістан облысында шомылу маусымы басталмағанына қарамастан 2025 жылдың басынан түрлі жағдайларда 16 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның 6-ы жас балалар. Бұл туралы өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Оразгелді Дүйсен мәлімдеді.

«Жалпы облысымыздағы ең басты мәселелердің бірі - арнайы шомылу орындарының аздығы. 2024 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қосымша 14 шомылатын арнайы жағажайлар жұмыс істеді. Бұл облыстың 2 миллионнан аса тұрғынына аз. Сондықтан да биыл облыс әкімдігінің қолдауымен шомылуға арналған ашық жағажайлардың санын 50-ге жеткізу жоспарлануда. Айта кететін жайт, өткен жылғы статистика көрсеткендей қайғылы жағдайдың 45%-ы канал, арықтарда орын алған. Сол себепті облыс тұрғындарына шомылу маусымының басталуына орай судағы қауіпсіздік ережелерін толықтай сақтауларын сұраймын»-деді сала басшысы.

Сонымен қатар баспасөз жиынында Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дулат Арын жылыту маусымының аяқталуына орай жыл қорытындысын баяндады.

«2024-2025 жылғы жылу беру кезеңінде өңірімізде улы газдан уланудың 7 жағдайы тіркелді. Уланудың салдарынан 5 адам қайтыс болып, 7 адам жарақат алған. Сонымен қатар, облыс аумағында 2024-2025 жылдары жылыту маусымы кезеңінде 201 өрт оқиғасы тіркеліп, өрт салдарынан 4 адам қайтыс болып, 5 адам жарақат алды. Сондай-ақ, 2024 жылы орман шаруашылығында жалпы көлемі 1986 гектар аумақты шарпыған 6 өрт оқиғасы тіркелді. Ал биылғы жылы орман өрттері тіркелген жоқ. Дала орман өрттерін алдын алу мақсатында облыс бойынша өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілуде»-деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді....

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылыту маусымында халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде...

Қазақстандық авторлар мен композиторлар өз туындылары үшін өтемақы алу проблемаларын жиі айтады. Мүліктік құқықтарды басқарушы ұйым өз жұмысын...