Түркістанда бір мезгілде 500-ден аса оқырман кітап оқыды

Түркістанда бір мезгілде 500-ден аса оқырман кітап оқыды
Түркістандағы «Фараб» кітапханасында Ұлттық кітап күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз жалғасын табуда.
 
Мерекелік бағдарламаның бірегей бөлігі – «Жаппай кітап оқу» флешмобы. Бұл ерекше форматтағы шараға 500-ден астам оқырман қамтылды. Ұйымдастырылған ауқымды оқырман қозғалысына жергілікті мектеп оқушылары, студент жастар, сондай-ақ «Ұлттық Ұлан» әскери бөлімінің сарбаздары белсене атсалысты.
Флешмоб барысында қатысушылар қазақ әдебиетінің жауһарларынан үзінділер оқып, түрлі жанрдағы кітаптармен танысты. Бұл бастама – ұрпақты кітапқа баулудың жарқын үлгісі, сонымен қатар жас буын мен әскери қызметкерлер арасындағы рухани байланыстың нығаюына ықпал етті.
«Жаппай кітап оқу» флешмобы – кітапты ұлықтау арқылы ұлт болашағына қызмет етудің бір жолы. Бұл шара қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттырып, ортақ рухани кеңістік қалыптастыруға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстандық авторлар мен композиторлар өз туындылары үшін өтемақы алу проблемаларын жиі айтады. Мүліктік құқықтарды басқарушы ұйым өз жұмысын...