Вакцинациялау бүкіл әлем бойынша минут сайын 6 адамның өмірін сақтайды

Вакцинациялау бүкіл әлем бойынша минут сайын 6 адамның өмірін сақтайды
27 сәуірден 3 мамырға дейін Еуропалық иммундау апталығы «Барлығына иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» ұранымен өтеді. ДДҰ еуропалық аймағы иммундау апталығын аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін вакциналаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында өткізеді. Бұл процесте 2030 жылға дейін иммундау саласындағы еуропалық күн тәртібін іске асыру басты орын алады. Стратегияны, өңірдің барлық 53 мемлекеті қолдады, оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ДДҰ елдік кеңсесінің вакцинациялауға сұраныс пен келісімді арттыру жөніндегі ДДҰ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Сәуле Қасымова айтып берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ