Қанат Бозымбаев Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайын тексерді

Қанат Бозымбаев Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайын тексерді

Қанат Бозымбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Қазіргі уақытта өңір аумағында таулы аймақтардағы қардың еруінен екінші су тасқыны толқыны өтіп жатыр. Вице-премьер су тасқыны қаупі жоғары учаскелерді тексерді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Облыс бойынша 2 қала мен 11 ауданда 72 су тасқыны қаупі бар елді мекен анықталған. Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде 15 елді мекенде тасқын қаупі жойылып, 49-ында қауіп азайтылды. Қазір 8 елді мекен әлі де қауіп аймағында, ол жерлерде тәулік бойы бақылау ұйымдастырылған.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 132 су шаруашылығы нысаны штаттық режимде жұмыс істеуде. Қанат Бозымбаев Өскемен қаласындағы Вторушка өзеніндегі гидротехникалық құрылысты және өзен суын су бұру арнасына айдайтын 1А сорғы станциясын тексерді. Бұл нысан маңайдағы тұрғын үйлерді су басудан қорғайды. Кейін вице-премьер Зубовск ауылындағы жағалауды нығайту дамбасының және Бұқтарма өзенінің Малеевск ауылындағы гидропостының жағдайымен танысты.

Өскемен қаласында Қанат Бозымбаев облыстағы су тасқыны жағдайын нақты уақыт режимінде бақылап, болжау жүргізілетін жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Мұнда су тасқыны жағдайы цифрлық карта арқылы да бақыланады.

Вице-премьер «Қазгидромет» РМК мен облыс әкімдігіне салынған дамбалар бойынша жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, гидропосттардағы шекті деңгейлерді қайта калибрлеуді және нақтылауды тапсырды. Сондай-ақ мамыр-маусым айларында күтілетін үшінші су тасқыны толқынына дайындықты күшейту жөнінде барлық тиісті қызметтерге нақты тапсырма берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ