Қанат Бозымбаев Өскемен энергетикасының стратегиялық нысандарын аралады

Қанат Бозымбаев Өскемен энергетикасының стратегиялық нысандарын аралады

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары қала тұрғындарының 80%-дан астамын жылумен қамтамасыз ететін Өскемен ЖЭО-ның жаңғырту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Биыл жөндеу және құрылыс жұмыстарына «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында 7,5 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Стансада 9 қазан агрегаты мен 8 турбоагрегатты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы аясында стансаны кеңейту бойынша жобалар іске асырылуда.

Қанат Бозымбаев сонымен қатар 4 мыңнан астам абонентті және бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорынды жылумен қамтамасыз ететін Согра ЖЭО-ны аралады. Соңғы үш жылда мұнда жабдықтың тозу деңгейі 63,25%-дан 61,87%-ға дейін төмендетілді. Биыл жөндеу жұмыстары жалғасады.

Бұдан бөлек, Қанат Бозымбаев Жаңа Согра ауылында салынып жатқан су тазарту нысандарының құрылысымен танысты. Кешеннің тәуліктік қуаттылығы 13 050 м³ құрайды.

Сапар қорытындысы бойынша вице-премьер Төтенше жағдайлар орталығында су тасқыны кезеңі және өрт қаупі жоғары маусымға дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстандық авторлар мен композиторлар өз туындылары үшін өтемақы алу проблемаларын жиі айтады. Мүліктік құқықтарды басқарушы ұйым өз жұмысын...