Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Лам әскери парадты тамашалады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Лам әскери парадты тамашалады

7 мамыр – Отан қорғаушы күні Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам салтанатты іс-шараға құрметті қонақ ретінде қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы парадта сөйлеген сөзінде Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлемге үлкен сабақ болғанын атап өтті.

Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз. Бейбіт күнді қырағы күзетіп тұрған сарбаздарға құрмет көрсетеміз,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Парадқа Қазақстан Қарулы күштері құрамында және басқа да құрылымдарда қызмет ететін 4 мыңнан аса адам қатысты. Сондай-ақ 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшағы көрсетілді.

Бас алаңға 5 мыңнан астам көрермен жиналды. Олардың ішінде соғыс және тыл ардагерлері, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, депутаттар мен қоғам қайраткерлері, еліміздің әр аймағынан келген делегаттар, әскери-патриоттық клубтардың жас сарбаздары бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

06 мая 2025 года на базе ТОО "Балхаш Жылу" организована ознакомительная экскурсия для студентов КГКП «Балхашский гуманитарно-технический колледж...

2025 жылғы 6 мамыр күні «Балқаш Жылу» ЖШС базасындаАлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жылу техникалық жабдықтар және...