Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инженерлік-инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындардың өмір сапасын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Аудан инфрақұрылымы – қаланың экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі десек, аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.
Атап айтсақ, ауыз сумен 97%, электр жарығымен 99,8%, табиғи газбен 92,4%, кәріз жүйесімен 41%а, асфальт жолмен 79,8% қамтылған.
Жалпы, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» бекітіліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Нақтырақ тоқталатын болсақ, биылдың өзінде электр жарығына қатысты 4,7 шақырым желі жаңартылып, 3 трансформатор ауыстырылды. Сонымен қатар, Исфиджаб, Достық тұрғын алаптардағы жеке меншік жүйедегі электр желісің ауыстыру бойынша «Сайрам» жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың ІІІ-тоқсанында аяқтау жоспарлануда.
Табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар нәтижелі. Бүгінде ол 92,4% құрайды. Ауданда қазіргі кезде Жалын тұрғын алабы, Қарабастау-Жаңақұрылыс, Жұлдыз-Жаңақұрылыс учаскесінде табиғи газбен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ІІІ-тоқсанда аяқтау жоспарлануда.
Ауданда тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда аудан аумағында жарықтандырылған көше саны - 361. Биыл 367 көшені жарықтандыру жоспарланған. Бұл жұмыстардың нәтижесі бойынша ауданы аумағы 100% жарықтандырумен қамтылатын болады.
Еңбекші ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткелдер бар. Биыл 72 көшеге (тұйықтарымен және қайта қалпына келтіру бойынша) (34,3 шқ) орташа жөндеу жұмыстары жоспарланды. Бүгінгі таңда асфальт қабатын төсеуге дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудан аумағындағы 8 көшеге 2,9 шақырым аяқ жолдың орны дайындалып, асфальт қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Еңбекші ауданында аббаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары бойынша биыл 44 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 15 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, 9 ашық спорт алаңшасын орнату да жоспарланып отыр.
Одан бөлек, аудан аумағында 2024 жылы 5 гүлзар құрылысы жүргізілген болса, биылғы жылы тағы 5 гүлзар құру жоспарланған.
Жалпы, Еңбекші ауданында инфрақұрылым қарқынды дамып, халықтың тұрмыс сапасы мен ауданның экономикалық әлеуеті тұрақты өсіп келеді.