Ағымдағы жылдың 1 шілде күні «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңестің кезекті көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына сілтеме жасаған No-comment.kz
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы "Ұлт денсаулығы" жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрағасы Серкебаев Есенбек Салдарұлы төрағалық еткен жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының ағымдағы жылдың 6-айында орындалуы мен №2 қалалық ауруханадағы орын алып жатқан жағдай бойынша мәселелер қаралды.
Бұл бойынша «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев сөз сөйлеп, қала тұрғындарының саулығы мен әлемдік індетке айналған Covid-19 инфекциясының қаладағы бүгінгі ахуалын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен ой бөлісті.
№2 қалалық ауруханада орын алып жатқан жағдай бойынша Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Сауле Дүйсенбаева баяндама жасады.
«Партияның басты мақсаты мен құндылығы – азаматтардың денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту болып табылады. Халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру – Елбасы саясатының негізгі басымдығы. Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде қиындықтарды еңсеріп, жетістіктерге бірге жетуге болатындығына сенемін», - деп жиынды қорытындылады Есенбек Салдарұлы.