Түркістан облысы: жазғы сауықтыру лагерлерінде санитарлық талаптар қатаң бақылауда

Түркістан облысы: жазғы сауықтыру лагерлерінде санитарлық талаптар қатаң бақылауда

Биыл облыс аумағында жалпы саны 32 (11 - мемлекеттік, 21 - жекеменшік) балаларды сауықтыру лагері жаз маусымында балалардың демалысын ұйымдастырады. Онда балалардың қауіпсіздігі үшін барлық санитарлық талаптар қатаң бақылауда. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді.

«2025 жылдың жазғы маусымында өңірдегі 41 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру-лагерлерімен қамтылады. Облыс бойынша жаз мезгілінде мемлекеттік лагерлерде 7 ауысымда 16 718 баланы қамту жоспарлануда. Биылғы жылы 5 мемлекеттік лагерге 52 модульді жатақхана қойылып, 7500-ден астам қосымша орын ашуға жағдай жасалуда. Ал, 21 жекеменшік лагердің әрбірі бір ауысымда 5 400 баланы қабылдауға дайын»-деді спикер.

Сонымен қатар, департамент басшысының орынбасары тамақтан улану жағдайлары бойынша облыс аумағындағы ахуалды баяндады.

«Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану саласы бойынша 3 883 кәсіпкерлік нысанды бақылауға алған. Соңғы жылдары облыс көлемінде қоғамдық тамақтану орындарында жаппай тағамнан улану жағдайының тіркелуі жиілеген. Соңғы үш жылда Арыс, Кентау, Келес, Түркістан және Сайрам аудандарында 5 жағдай тіркеліп, 200-ден аса адам зардап шеккен. Биылғы жылдың наурыз айында Түркістан қаласында 68 адам тез дайындалатын фаст-фуд өнімдерінен уланған» - деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Әлімбет ауылында "Ауыл құтқарушылары" республикалық бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты...

Бүгінде Қазақстанда химия өнеркәсібіндамытуға, сұранысқа ие өнімдерді жасауғабағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі екпін химиялық өнімдердің ауқымды жәнестратегиялық маңызды түрлеріне аударылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ...