Алматыда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында I Республикалық «Ұлттық дәм фестивалі» ұйымдастырылды. Іс-шара Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі базасында өтті.
Фестивальге Алматы, Тараз қалалары мен өңірлік колледждерден 60-қа жуық қатысушы келді. Қатысушылар ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарды жаңғыртып, оларды заманауи аспаздық форматта таныстыруға тырысты. Шараны 50-ден астам мейман тамашалады.
2024 жылы Алматы қаласында 15 мыңнан астам студент техникалық және жұмысшы мамандықтар бойынша оқуда, оның ішінде 20%-ы — тамақтану және қонақжайлылық саласында.
Фестиваль — ұлттық мәдениетті дәріптеп қана қоймай, мейрамхана индустриясы мен туризмде сұранысқа ие аспаз мамандарды даярлауға ықпал ететін алаңға айналды.
No-comment.kz