Алматы полициясы жазғы демалыс қарсаңында ата-аналар мен жасөспірімдерге ескерту жасады: «жеңіл ақша» ұсынатындар арқылы жастар есірткі қылмысына тартылуы мүмкін.
Полиция полковнигі Мұрат Жұмабаев атап өткендей, кейбіреулер жастардан байламды жасыруды немесе біреуге тапсыруды сұрайды. Бұл — қылмыс. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Алматыда 2025 жылдың алғашқы төрт айында кәмелетке толмағандар жасаған 771 құқық бұзушылық тіркелді.
Полиция ата-аналар мен жастарды сақ болуға және бос уақытты пайдалы өткізуге шақырады: спорт, шығармашылық, еріктілік — қауіпсіз әрі дамуға жол ашады.
No-comment.kz