Зағип жандарға арналған мобильді қосымша енгізілмек

Зағип жандарға арналған мобильді қосымша енгізілмек

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Ұлыбританияның Глазго университетінің докторанты Зейнуллин Маралбекпен кездесу өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында докторант өзінің ғылыми жобасы аясында зағиптар мен нашар көретіндерге арналған мобильді қосымша жобасын таныстырды. Инновациялық жобасында компьютерлік көру және жасанды интеллект саласындағы соңғы әзірлемелер мен алгоритмдерді қолданған.

Жаңа жобамен кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері бірінші болып танысып, бағалауға мүмкіндік алды. Арнайы кітапхана тарапы жобаның одан әрі дамуын асыға күтеді.

Айта өтсек, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана 1969 жылдан бастап зағип жандарға үздіксіз қызмет жасап келеді. Шексіз мүмкіндіктерге қол жеткізген кітапхана оқырмандары бүгінде барлық саланың белсендісі деуге болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...