Президент KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралап көрді

Президент KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралап көрді

Астана қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорын Kindus оңтүстіккореялық өндірісінің жоғары технологиялы автоматтандырылған желісімен жабдықталғаны жөнінде баяндалды. Зауыт жылына 1,8 миллион шаршы метрге дейін өнім шығара алады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мұнда заманауи жабдықтармен және технологиямен жұмыс істеу үшін Kindus-тың инженерлерді оқыту курсынан өткен 50 маман еңбек етеді. Бүгінде сэндвич-панелдер өнеркәсіптік, логистикалық, әкімшілік, спорттық және басқа да нысандардың құрылысын жүргізуде сұранысқа ие екені айтылды.

Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында зауыттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық беретініне және еліміздің инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Мыңжылдық» аллеясының ландшафтты даму жоспары көрсетілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Жоспар қаланың оңтүстік бөлігіндегі 942...