«Той Думан Fest» қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады

«Той Думан Fest» қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады

Қаладағы Астана алаңында ең ауқымды мәдени іс-шара – «Той Думан Fest» фестивалі іс-шарасы өтті. Мерекелік концерт Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, қала күніне орай ұйымдастырылды.

Бұл фестиваль Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына ерекше қуаныш пен мерекелік атмосфера сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық рухты сақтауға қоғамда жағымды көңіл-күй қалыптастыруға арналды.
Фестиваль аясында Қазақстан эстрадасының 100-ге жуық танымал әншілері мен жас орындаушылары бір сахнада бас қосты. Олардың қатарында елге кеңінен танылған жұлдыздармен қатар, болашағынан үміт күттіретін жас талантты өнерпаздар да бар.

«Той Думан Fest» — бұл әдеттегі концерттік бағдарламадан өзгеше, ел мәдениетінің ауқымын көрсететін және ұлттық рухты жаңғыртатын ерекше мәдени алаң. Кеште әртүрлі буындағы орындаушылар, этно-ансамбльдер, заманауи топтар, танымал дуэттер бір сахнада өнер көрсетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР...

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орны ашылады, деп...

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық...

Премьер-министр Олжас Бектенов вегетациялық кезеңді өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық...