Қазақстанда балаларға медициналық көмекті қаржыландыру 2 есеге — 264 млрд теңгеден 575,4 млрд теңгеге дейін өсті

Қазақстанда балаларға медициналық көмекті қаржыландыру 2 есеге — 264 млрд теңгеден 575,4 млрд теңгеге дейін өсті

Қазақстан-ОА-дағы балаларға туғаннан бастап кардиохирургия қолжетімді болатын жалғыз ел. 2024 жылы дәрігерлер ашық жүрекке 1700-ден астам операция, оның 809-ы 1 жасқа дейінгі сәбилерге жасады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі заманғы технологиялар мен неонаталдық реанимацияның дамуының арқасында дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе өсті

2026 жылдан бастап I–III дәрежелі есту қабілеті нашар балалар жергілікті бюджеттің есебінен есту аппараттары мен аудио процессорларды алады.

Онкогематологиялық көмекті дамыту:

-жыл сайын 5 мың бала ем алады

-шетелде балаларды емдеуге жолдама 2 есе азайды (мұндай көмек Қазақстанда қолжетімді)

-балалардың қатерлі ісіктері кезінде жалпы өмір сүру деңгейі 75%-дан асты

Шұғыл көмек көрсету:

-Санавиация орталығы ауыр асқынулары мен жарақаттары бар 3 мыңнан астам әйелдер мен балаларға қызмет көрсетті

– 2024 жылы медавиацияның мобилдік бригадалары 750-ден астам ұшуды (жүкті әйелдер – 165, балалар-588) орындады,647 бала мен  127 жүкті әйел тасымалданды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылғы 20 маусымда «Қазмедиа орталығы» телерадио кешенінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумының (ПМЭФ-2025) жұмысына қатысты, онда Ресей...