Шымкентте кәсіпкерлік нысандарының аумағын таза ұстау талаптары күшейтілуде

Шымкентте кәсіпкерлік нысандарының аумағын таза ұстау талаптары күшейтілуде

Шымкент қаласындағы кәсіпкерлер өз аумақтарын абаттандыруға және тазалық сақтауға міндетті. Қаланың көркеюі мен тазалығы – баршаға ортақ жауапкершілік. Осы орайда шаһарда кәсіпкерлік нысандарының аумағын таза ұстау талаптары күшейтілді. Әрбір бизнес субъектісінің айналасы абаттандырылып, санитарлық талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Осы талаптарды орындау мақсатында кәсіпкерлерге абаттандыру паспорты берілді. Бүгінгі таңда 3000-ға жуық кәсіпкерлік нысан паспорттаудан өтіп, бұл жұмыс толықтай аяқталды. Аудан әкімдіктері 1 наурыздан бастап абаттандыру қағидаларының сақталуын қадағалайды. Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Аталған шара Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, жүзеге асырылуда.

Абаттандырылған әрі таза қала – барша тұрғын үшін жайлы орта. Шымкентті көркейтіп, әсем әрі абаттанған қалаға айналдыруға бірлесе үлес қосайық!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті. Тұрақты комиссияның жұмысын...

2025 жылғы 20 маусымда «Қазмедиа орталығы» телерадио кешенінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және...