Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.
Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы М.Тұрысбеков жүргізді, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасарлары Т.Қозбеков, Н.Тұрашбеков, тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Н.Әжіметов, Ж.Сүлейменов, Д.Егамбердиева, Ғ.Райымбеков, Ж.Қанаев, Е.Үсентаев, Б.Серманизов, И.Намазбаева, Б.Айтқұлов, Қ.Жантөреева қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы;
2. Түркістан облысының ветеринария басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
3. Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері;
4. «Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VIII «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қарау нәтижесі бойынша тиісті шешімдер қабылданды.