Қарқаралы ауданында судағы қауіпсіздікке бағытталған рейд өтті

Қарқаралы ауданында судағы қауіпсіздікке бағытталған рейд өтті

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының прокуратурасы «Заң және тәртіп» қағидалары негізінде Төтенше жағдайлар бөлімі, аудан әкімдігі және Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлерімен бірлесіп, демалыс орындарында профилактикалық рейд ұйымдастырды.

Шараның негізгі мақсаты - кәмелетке толмаған балалардың су жағасында үлкендердің қарауынсыз болуына жол бермеу, қауіпсіздік талаптарын сақтау және арнайы ескерту белгілерін орнату арқылы тәртіпті күшейту.

Ата-аналарға судағы қауіпсіздік ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді: балаларды қараусыз қалдырмау, құтқару құралдарын қолдану, үй жануарларын шомылу аймағына әкелмеу және мас күйінде суға түсуге жол бермеу туралы нақты ескертулер берілді.

Бұл шара - азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Профилактикалық рейдтер алдағы уақытта да жалғасады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ...

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) «AI-Sana: инерциядан серпінге» ұранымен ауқымды...