Спикердің айтуынша, ғылыми ұйымдардың қызметі елдің ғылыми әлеуетінің артуына ықпал етеді. Сондай-ақ Хирш ғылыми кадрлар индексінің өсуі байқалады. Инновациялық жобалар әзірленіп, тиісті патенттер тіркеліп жатыр.

«Еліміздің ғылым саласында 3 мыңнан астам ғылыми қызметкер еңбек етеді. 500-ге жуық ғылым докторы, 2 мың медицина ғылымдарының кандидаты, 600 PhD докторы жұмыс істейді. Келесі жылдан бастап ғылыми-зерттеу ұйымдары мен ғылыми орталықтарда PhD бейінді докторантура енгізіледі. Ғылыми кадрлардың едәуір бөлігі жоғары білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында және зертханаларда еңбек етеді», - деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.