Бас прокуратура Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында жариялаған «Заң және Тәртіп» апталығына орайластырылған Ашық есік күнін өткізді. Іс-шара құқықтық мемлекетті нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бастамасының бір бөлігі болды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Оған қоғам өкілдері мен прокуратураның қызметіне қызығушылық танытқан азаматтар қатысты. Қонақтарға ведомствоның азаматтардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және қылмысқа қарсы күресті үйлестіруге бағытталған жұмысы көрсетілді. Олар бөлім басшыларына сұрақтар қойып, қадағалау органының жұмысы туралы түсініктеме ала алды.
Мұндай акция барлық облыстық прокуратураларда бір мезгілде өткізіліп, тұрақты негізде жоспарланған.