«Заң және тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ашық есік күнін өткізді

«Заң және тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ашық есік күнін өткізді

2025 жылдың 24 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен аумақтық департаментатерінде Ашық есік күні өтті.

«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде құқықтық кеңес беру, азаматтарды қабылдау, Агенттіктің қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы презентациялар ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері тарапынан азаматтарға түрлі құқықтық көмек көрсетілді және қызықтырған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ агенттікке осы салаға қызығушылық танытқан мектеп оқушылары келді. Көпшілігі болашақта өз мамандығын құқық қорғау органдарымен байланыстыруға және елімізде жемқорлықты жоюға өз үлестерін қосуға ниетті екендерін білдірді.

Іс-шараға қатысушылар әділдік, адалдық және парасаттылық тақырыптарын қозғай отырып, өз ұсыныстары және тілектерімен белсенді түрде бөлісті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру жөніндегі идеяларын ұсынды.

Мұндай іс-шаралар азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатуға, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысы аясында отырысқа...

Бас прокуратура Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында жариялаған «Заң және Тәртіп» апталығына орайластырылған Ашық есік...