Әл-Фараби ауданындағы жасыл желек күтімі бақылауда

Әл-Фараби ауданындағы жасыл желек күтімі бақылауда

Шымкентті жасыл желекті қалаға айналдыру және ағаштарды көбейту мақсатында аудандағы ағаштарды суғару тұрақты түрде жүргізіліп келеді, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл жұмыстардың тұрақты жүргізілуін аудан әкімі жеке бақылауына алған. Аудан әкімі Р.Мыңбаев әрбір жүрзіліп жатқан жұмыстың басында болып, сапалы орындалуын қадағалауда.

Арғынбеков көшесінің бойындағы ағаштарға кезекті күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Аталған көшеде ағаштарды және гүлдерді суғару, санитарлық қырқу, ағаш түптерін қопсытып, әктеу, жасыл желектерді ретке келтіру, шөптерін ору жұмыстары атқарылды.

Жалпы аудандағы барлық жасыл желектердің күтімі қатаң бақылауда.

Жасыл желектер қала көркіне сән беріп қана қоймай, экологиялық жағдайды да айтарлықтай жақсартатыны сөзсіз.

 

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...