Мемлекет басшысы Мозамбик Республикасының Президенті Даниэл Шапуға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Мозамбик Республикасының Президенті Даниэл Шапуға құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Даниэл Шапу мен оның отандастарын Мозамбик Республикасының тәуелсіздігіне 50 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Осынау тарихи күн халқыңыздың бірлігі мен жасампаздығының айқын нышаны, мемлекеттілік пен тұрақты дамудың мызғымас тұғыры ретінде ерекше мәнге ие. Еліңіз тәуелсіздік құндылықтарын ту етіп, алдағы уақытта да биік мақсат-мұратқа жете беруіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қазақстан мен Мозамбик арасындағы достық қарым-қатынас одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Skyhansa компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің мүшесі, доктор Кристин Грётцбахпен кездесу өткізді. Онда Жетісу...