Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Қарағандыда «Заң және тәртіп» апталығы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, агенттік төрағасы Асхат Жұмағали, қоғамдық кеңес мүшелері мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Кеңесте жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру, цифрландыру арқылы адами факторды азайту және тәуекелдерді төмендету жолдары сөз болды. Цифрлық теңге жобасы да бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам ретінде аталды.

Асхат Жұмағали бұл күресте қоғамның белсенді рөлі шешуші екенін атап өтті. Кеңес аясында қатысушылар университет түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысып, жастармен ашық диалог жүргізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру аясында...