Жалағаш өнерпаздары Қызылорданың мерекелік сахнасында жарқырады

Жалағаш өнерпаздары Қызылорданың мерекелік сахнасында жарқырады

Қызылорда қаласының астана атанғанына 100 жыл толуына арналған «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнерпаздар байқауы аясында Жалағаш ауданының өнер ұжымдары орталық алаңда мерекелік кеш ұйымдастырды. Кеш көрмеден басталып, қаланың тұрғындары мен қонақтарына қолөнер туындылары ұсынылып, халықтың ерекше қызығушылығын тудырды.

Сахналық бағдарламада Жалағаш ауданының халықтық вокалды-аспапты ансамблі, «Әжелер» ансамблі және жас өнерпаздар өз өнерлерін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ән мен күйге толы кеш ел рухын көтеріп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Шара барысында ұлттық өнер мен салт-дәстүрлер кеңінен насихатталып, Сыр елінің бай мәдени мұрасы тағы бір мәрте көрініс тапты.

Бұл кеш – тек шығармашылық кездесу ғана емес, рухани сабақтастықты жалғастырудың үлгісі болды. Қала аспанында қалықтаған жыр мен әуен Жалағаш ауданының өнерін танытып қана қоймай, облыс тұрғындарына қуаныш пен мақтаныш сыйлады. Мұндай ауқымды мәдени іс-шаралар халықты біріктіріп, өнер арқылы елдің бірлігін, ұлттық рухты күшейтудің жарқын мысалына айналады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ